Профориентационная встреча выпускников с представителями КАСУ
2025 жылғы 10 қазанда кәсіби бағдар беру жұмысы аясында КММ «№34 мектеп-лицейінде» Қазақстан-Американдық Еркін университетінің (КАЕУ) өкілдерімен дәстүрлі кездесу өтті. №34 мектеп-лицейі мен өңірдегі беделді жоғары оқу орындарының бірі – КАЕУ арасында көпжылдық серіктестік орнаған.
Мектептің педагогтары мен оқушылары университет ұйымдастыратын семинарлар, конференциялар, іскерлік кездесулер мен пәндік олимпиадаларға белсенді қатысып келеді.
Бүгінде КАЕУ 11-сынып оқушыларына SmartStart:KAFU бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл бағдарлама мектеп қабырғасында жүріп-ақ университеттің бірінші курсының бірқатар пәндерін меңгеруге мүмкіндік береді және ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден екінші курстан оқуын жалғастыруға жол ашады.
Іс-шара барысында бизнес кафедрасының меңгерушісі Илона Владимировна Бордияну аталмыш бағдарлама арқылы КАЕУ базасында жоғары білім алудың мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:диплом алу мерзімінің қысқаруы; халықаралық бағдарламалар бойынша білім алуды жалғастыру мүмкіндігі.