Совещание по готовности материалов (портфолио) педагогов
2026 жылғы 8 қаңтарда КММ «№34 мектеп-лицейінде» педагогтерді аттестациядан өткізуге дайындық мәселесі қаралған аттестациялық комиссияның отырысы өтті.
Мектеп-лицей директоры Ананишникова О.В. әрбір педагогтің аттестацияға дайындалудағы жауапкершілігін, материалдарды (портфолио) уақытылы толықтыру қажеттігін, сондай-ақ аттестациядан өту кезінде педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Директордың орынбасары Каирбекова Э.М. біліктілік санаттарына қойылатын кәсіби құзыреттер талаптарына және педагог портфолиосының материалдарын бағалау парағының критерийлеріне, сондай-ақ педагогтерді аттестациядан өткізу қағидалары мен шарттарына тоқталды.
2026 жылы аттестациядан өтетін педагогтер портфолио материалдары бойынша дәлелдемелік базаларын ұсынды.


