Акция "Безопасное окно" » Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей № 34" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-лицей № 34"
управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7(7232) 76-60-73
Бухгалтерия:
+7(7232) 76-55-41
Версия
для слабовидящих
21
апрель
2026

Акция "Безопасное окно"

«Қауіпсіз терезе!» акциясына белсенді қатыса отырып, 9 «А» сынып оқушылары жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарға арналған «Абайлаңыз, ашық терезе!» атты маңызды әрі өте қажетті жадынамалар дайындады.
Жаз мезгілі мен жылы күндер — бөлмені желдететін уақыт. Алайда жыл сайын балалардың қауіпсіздік ережелерін естен шығаруынан қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында қарапайым әрі түсінікті ережелер әзірленді:
📌 Бастауыш сынып оқушылары үшін:
— Терезе алдындағы тақтайшада (подоконник) ойнама.
— Маса торына сүйенбе — ол салмақты көтере алмайды!
— Терезені тек ересектердің рұқсатымен ғана аш.
📌 Ата-аналар үшін:
— Ашық терезесі бар бөлмеде балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
— Терезелерге арнайы блокираторлар немесе құлыпты тұтқалар орнатыңыз.
— Жиһазды терезеден алыс орналастырыңыз — балада терезе алдына шығуға мүмкіндік болмауы тиіс.
Жадынамалар бастауыш сынып оқушыларына таратылып, мектептің терезелеріне орналастырылды.
Балаларымыздың қауіпсіздігі — бәрімізге ортақ іс!

Активно участвуя в акции «Безопасное окно!», учащиеся  9 класса «А», используя возможности ИИ,  подготовили  важные и очень необходимые памятки  для учащихся начальной школы и родителей «Осторожно, открытое окно!»
Лето и тёплые дни — время проветриваний, но каждый год случаются трагедии, когда дети забывают об опасности. Чтобы этого избежать были разработали простые и понятные правила:
📌 Для младших школьников:
— Никогда не играй на подоконнике.
— Не опирайся на москитную сетку — она не выдержит!
— Открывай окно только с разрешения взрослых.
📌 Для родителей:
— Не оставляйте детей без присмотра в комнате с открытым окном.
— Установите блокираторы или ручки с замком.
— Отодвиньте мебель от окон — у ребёнка не должно быть соблазна залезть на подоконник.
Памятки были переданы в начальную школу ребятам и размещены на окнах школы. 
Безопасность наших малышей — общее дело!
Бастауыш сынып оқушылары үшін «АБАЙ БОЛЫҢЫЗ, АШЫҚ ТЕРЕЗЕ!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Әңгіме маңызды, тақырып өте күрделі. Сондықтан оны балаларға қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізу қажет болды. Сынып сағаты барысында мектепте және үйде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері анықталды:
1-ереже: Тор құтқармайды
Масадан қорғайтын тор тек жәндіктерден сақтайды. Оған сүйенуге болмайды, себебі ол баланың салмағын көтере алмайды. Бұл – алдамшы қорғаныс!
2-ереже: «Саты» жасама!
Терезе жанындағы кереует, орындық, тумбочка – қауіпті. Бір сәтте-ақ терезе алдына шығып кету мүмкін.
🔒 3-ереже: Құлыптап қой!
Барлық терезелерге балаларға арналған арнайы құлыптар немесе шектеуіштер орнату қажет. Терезені тек желдету режимінде (жартылай ашып) қолдану керек.
4-ереже: Үлкендер жанында болсын!
Баланың терезе алдында жалғыз қалуына болмайды.
Оқушылар сынып сағаты барысында белсенділік танытып, өз сыныптастарына арналған қауіпсіздік техникасы бойынша жадынамалар дайындауға атсалысты.

Для учащихся начальной школы прошел классный час «ОСТОРОЖНО, ОТКРЫТОЕ ОКНО!»
Разговор - важный, тема - серьёзная, но говорить о ней нужно доступно и просто! В ходе классного часа были определены правила для школы и дома: Правило №1: Сетка не спасёт  
Москитная сетка только от комаров и мух. Она не выдержит, если на неё опереться. Это обманчивая защита!
Правило №2: Не подставляй «ступеньки»!
Кровать, стул, тумбочка у окна   - это опасность. Можно за секунду оказаться на подоконнике.
🔒 Правило №3: Закрывай на замок  
На все окна ставим детские замки или блокираторы. Проветриваем только в откидном положении.
Правило №4: Взрослые рядом! Одному на подоконнике делать нечего. Учащиеся активно включились в создание памяток по ТБ для своих одноклассников.