Родительское собрание «Информационная безопасность и её профилактика»
13.11. 2025 жылдың "№ 34 мектеп-лицей " КММ-де мектеп әкімшілігі мен прокуратура өкілінің қатысуымен "ақпараттық қауіпсіздік және кибербуллингтің алдын алу"тақырыптарына арналған маңызды жиналыс өтті.
Жиналыс барысында келесі мәселелер талқыланды:
* Ғаламторда балаларды қандай қауіптер күтуі мүмкін,
* Қажетсіз немесе қауіпті мазмұнды қалай тануға болады,
* Баланың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай қадамдар жасау керек.
Балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналар жауапты. Атап айтқанда:
* Қазақстан Республикасында ата-аналардың кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік, жауапкершілік енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі №127-бабы "Кәмелеттік жасқа толмаған баланың құқықтары мен мүдделерін тәрбиелеу, қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау").
* Сондай – ақ, кәмелетке толмаған баланы қорлау (қорқыту/кибербуллинг) үшін ата-аналарға ескерту немесе айыппұл салу туралы ереже бар.Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы Заңның бір бөлігі.
* Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты: "Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VІ ҚРЗ) балаларды зиянды ақпараттан қорғау тұжырымдамасы мен шеңберін белгіледі.
Ата — аналар бұл қорғаныстың бірінші бағыты: гаджеттерді басқару, ата-ана бақылауын орнату, балалармен желідегі қауіпсіз мінез-құлық туралы сөйлесу, кіммен сөйлесетінін, не жариялайтынын, қандай сайттарға кіретінін тексеру.
Сұрақтар қойып, қызығушылық танытқан барлық қатысқандарыңызға алғыс айтамыз. Мектептің, прокуратураның және отбасының бірлескен күш-жігерімен ғана біз балаларымыз үшін қауіпсіз орта жасай аламыз.